Республика жаңалықтары

22 Тамыз 2019 16:21
Елордада мектеп пен мұғалімнің жетіспеуі, педагогтардың қызметі мен статусы

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпова Нұр-Сұлтан қаласы педагог қызметкерлерінің Тамыз кеңесінің пленарлық отырысында елорданың білім беру жүйесіндегі жоспарлар мен жаңалықтар туралы баяндап берді.

Биылғы оқу жылында бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Жақында Елордадағы мектеп директорларымен кездестім. Әр директор өз мектебіндегіі қордаланған мәселелер туралы айтып берді. Осы уақытқа дейін мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардың бәріне тартып келді. Енді ондай іс-әрекеттерге жол берілмейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басы артық қоғамдық жұмыстарға тықпалауды доғаруды тапсырған болатын, яғни оқытушы жұмысы тек – оқыту. Мұғалім қадіргі мамандыққа айналуы тиіс. Қазіргі таңда елорда мектептеріне 200 мұғалім қажет. Бұл түйіткілді мәселені шешу үшін 2018 жылы әкімдік педагог мамандарды дайындау үшін  университеттерге 100 қосымша грант бөлген еді. Негізінен бұл мәселеі жүйелі түрде шешілуі тиіс. Сондай-ақ оқытушылар құрамы жоғары сапалы болуы тиіс, сол мақсатта мамандар дайындап жатырмыз. Ал 3-5 жылдан кейін өз жұмысымыздың нәтижесін көреміз.  Кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған Назарбаев зияткерлік мектептері «Астана» гуманитарлық колледжінің базасында үздіксіз «колледж-университет» білім беру жүйесі құрылды, - дейді Алтай Көлгінов.

Мұғалімдердің жалақы кезең-кезеңмен еекі есеге көтерілетінін айтқан әкім елордаға әлі де болса жаңа мектептер қажет екенін айтты. Себебі бас қалада оқушылар саны жылдан-жылға артып келеді.

«2019-2020 жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласындағы 108 мектепте 162 мың оқушы білім алатын болады. Соның ішінде қала бойынша биыл бірінші сынып табалдырығын жалпы 24 мың бала аттайды. Елордамыздағы халық санының өсуі – жаңа мектептер салу мәселесінің өзекті екенін көрсетеді. Оның үстіне соңғы 10 жылда бас қаламыздағы мектептер саны 1,5 есеге артты. Алайда мұндай көлем жеткіліксіз болғандықтан, бес жылда Елордада 40 білім беру мекемелерін салу жоспарлануда.  Жақында ғана жеке инвестициялар есебінен 11 мектеп салу жайлы уағдаластық. Ал оған 30 миллиард теңге жұмсалып, нәтижесінде жаңа 12 мың орындық мектеп пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда қалада 17 мың орын жетіспейді», - деді Елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ Алтай Көлгінов Елордаға қарасты 16 елдімекендегі білім сапасы туралы сөз қозғады.  

«Ауыл мен қаланың айырмашылығы азайту үшін іс-шараларды республикалық дегейде қолға алып жатырмыз. Қазақстанның бас қаласына қарасты 16 ауылдағы мектептердің жағдайын жасасақ, қаладағы ішкі миграция да азаятыны анық. Ауыл жағдайы мен қала жағдайы теңескенде қалаға ағылатындар көп болмайды. Қазіргі уақытта тиісті жоспарды бекітіп, ертең өтетін қоғамдық кеңестің отырысында талқылаймыз», - дейді Алтай Көлгінов.

Қала маңы ауылдарындағы мектептерде қордаланған мәселелердің жеткілікті екенін айтқан әкім – тез өзгеріп жатқан өмір сапасы мен дамып жатқан ел экономикасына сай оларға да енгізетін өзгерістің өте көп болатындығын алға тартты. Әкімнің сөзінше, оның үстіне мемлекет басшысы да білім саласына баса аударып отырғандықтан, білім саласына мен сапасына қоятын талаптар да жоғарылай бермек.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мектептердің ел бойынша 5 күндік жұмыс аптасына ауыстыру мәселесі туралы айтты.

«5 күндік жұмыс аптасына ауыстыру мәселесі жыл соңына қарай шешілеті болады. Әрине, мұғалімдерімізді 5 күндік жұмыс аптасы алаңдатуда. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов – министрлік әрбір мектептің педагогикалық кеңесте типтік оқу жоспарын, сыныптар санын ескере отырып, 5 күндік жұмыс аптасына ауысуды ұсынған болатын. Бұл тұста басқа шешімнің қажеті жоқ, егер мектеп бескүндікке ауысатын болса, аптаның сенбі күнін мұғалім өз қалауынша өткізіп немесе мектеп әкімшілігі айына бір рет әдістемелік жиын өткізу мүмкіндігі туар еді. Ендігінде бес күндік жұмыс аптасы мәселесі жыл соңына дейін шешімін табады деген ойдамыз. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсібінен тыс қоғамдық жұмысқа жегуді доғаруды тапсырғанын білесіздер. Мұғалімдер тарапынан жұмыс күндері туралы сұрақ ең жиі қойылатындықтан, мектеп әкімшіліктеріне осы мәселені қолға алуы керек», - деді ҚР БҒМ орынбасары Фатима Жақыпова.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі екі күннен бері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балаларға мектеп керек-жарақтарын сатып алуға арнайы сертификаттар беріп келеді. Осы уақытқа дейін әкімдік ата-аналарға 7800 сертификат беріп үлгерді. Бұл туралы толық ақпарат мына сілтемеде

Айдана Абдрахманова

  • Государственные символы Республики Казахстан
  • Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность
  • Послание президента Республики Казахастан
  • Официальный сайт президента республики казахстан AKORDA.KZ