Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру

Азық – түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 2018-2019 жылдарға қосымша 83,4 млн.теңге бөлінді, олар бакалея өнімдерін сатып алуға бағытталды, оның ішінде: құмшекер – 204 тонна, күнбағыс майы – 50 мың литр, қарақұмық жармасы-68 тонна және тегістелген күріш-68 тонна.
          Сонымен қатар, бюджет қаражатын тартпай, "Сарыарқа "ӘКК" АҚ мен облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында өз қоймаларында 710 тонна көкөніс пен 1432 тонна картоп салу туралы шарттар жасасу жолымен жеміс-көкөніс өнімдерінің тұрақтандыру қоры құрылды. Бұл өнім маусымаралық кезеңде белгіленген бағалар бойынша сатылатын болады. Тұрақтандыру қорындағы өнімдерге интервенция жүргізу маусымаралық кезеңде ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу

Облыстың аудандары мен қалаларында апта сайын жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, онда азық-түлік нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылады.
2018 жылы 824 жәрмеңке өткізіліп, 7127,8 млн.теңгеге 9651,62 тонна өнім сатылды, оның ішінде: ет өнімдері – 2799,25 тонна, сүт өнімдері – 694,97 тонна, картоп және көкөніс (қырыққабат, сәбіз, қызылша) - 5569,4 тонна, бакалея өнімдері – 588 тонна, жұмыртқа – 11866,5 мың дана.
Ағымдағы жылдың басынан барлығы 10 жәрмеңке өткізілді (абай және Нұра аудандары, Балқаш, Жезқазған, Саран, Сәтпаев және Шахтинск қалалары), онда 78,0 млн.теңгеге жуық сомаға 111,8 мың тонна өнім сатылды, оның ішінде: ет өнімдері – 31,8 тонна, сүт өнімдері – 9,4 тонна, картоп және көкөніс (қырыққабат, сәбіз, қызылша) - 63,6 тонна, бакалея өнімдері – 6,8 тонна, жұмыртқа-92,0 мың дана.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен меморандумдар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстың барлық құс фабрикаларымен, сүт өңдеу және ұн тарту кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енген өндірілетін өнімнің бағасын ұстап тұру туралы меморандумдар жасалды.


 

Дата cоздания: 29 Қаңтар 2019 13:50
Дата редактирования: 09 Маусым 2019 11:14
  • Государственные символы Республики Казахстан
  • Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность
  • Послание президента Республики Казахастан
  • Официальный сайт президента республики казахстан AKORDA.KZ