Ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын құру және "еңбек нарығы" сайтының мониторингі бойынша жұмыс туралы ақпарат (жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, биылғы жылы, атап айтқанда 2019 жылдың мамырынан бастап Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы "Еңбек нарығы" сайтында http://10.61.164.150 "жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы" ақпараттық жүйесі арқылы жаңа жұмыс орындарын құру мониторингін бастады.

Аудандар мен қалалар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары мен бөлімдерінде көрсетілген ақпараттық жүйеге логиндер мен парольдерді бере отырып, қол жеткізуге рұқсат берілген жауапты тұлғалар анықталды.

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы аудан және қала әкімдіктерінің барлық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне сайтты толтыру бойынша нұсқаулық жеткізді, сондай-ақ сайтта қажетті мәліметтерді орналастыру бойынша кеңестер беріледі.

Жұмыс процесі барысында кейбір аудандар мемлекеттік органдардың интранет жүйесіне шыға алмағаны, атап айтқанда МО БКО-ға қосылмағаны (мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы) анықталды.

Осыған байланысты, 2019 жылғы 16 маусымда Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы аудандар мен қалалар әкімдіктерінің барлық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға ("ҰАТ" АҚ) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылу үшін өтінім беру қажеттілігі туралы хат жолдады. Өтінім үлгісі хатқа қоса берілді. 2019 жылдың 29 тамызына аудандар мен қалалар әкімдіктерінің барлық ауыл шаруашылығы бөлімдері аталған сайтқа қол жеткізді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылғы 9 тамызда облыс әкімінің орынбасары бекіткен жоспар бойынша 2019 жылға 3600 жұмыс орнын құру жоспарланған.

2019 жылғы 29 тамыздағы жағдай бойынша "еңбек нарығы" сайтында енгізілген деректерге сәйкес ауыл шаруашылығы саласында 2074 жұмыс орны құрылды, яғни 2019 жылға бекітілген жоспар 58% - ға орындалды.

Бұл бағыттағы жұмыс Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығының тұрақты бақылауында және жалғастырылуда.

 

Дата cоздания: 03 Қыркүйек 2019 09:07
Дата редактирования: 03 Қыркүйек 2019 09:08
  • Государственные символы Республики Казахстан
  • Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность
  • Послание президента Республики Казахастан
  • Официальный сайт президента республики казахстан AKORDA.KZ