Мемлекеттік органның ережесі

Қарағанды облысы әкімдігінің

2018 жылғы «29» наурыздағы

№ 13/12 қаулысына

1 қосымша

 

«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) өз құзыретінің шегінде Қарағанды облысының агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік саясатты және де тұқым шаруашылығы саласындағы, астық нарығын реттейтін, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру, мемлекеттік техникалық инспекцияны бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    3. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

    5. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

    6. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    7. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері.

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Лобода көшесі, 20.

          9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

    10. Осы Ереже  «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

    11. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

    12. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер, «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

 2. Мемлекеттік органнның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

     

         13. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы экономикалық өсуге және агроөнеркәсіпкешені саласындағы бәсекеге қабілеттілікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал жасау мақсатында облыстың агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.

  14.  Міндеттері:

1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) тұқым шаруашылығы саласындағы, астық нарығын реттейтін, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру бақылау функцияларын жүзеге асыру;

3) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

4) өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып; 

         5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

  15. Функциялары:

1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;

2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;

3) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;

4) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;

5) ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;

6) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;

7) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;

9) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;

10) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;

11) бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;

12) ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне суды жеткізу бойынша қызметтің құнын субсидиялау шараларын жүзеге асыру;

13) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

14) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

15) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;

16) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес тұқымдарды дәрілеуіштердің және гербицидтердің, минералдық тыңайтқыштардың құнын отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатып беру;

17) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;

18) астық қабылдау кәсіпорындарына бақылау жасау, оның ішінде:

 а) бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;

б) астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;

19) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;

20) астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;

21) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

22) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

23) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;

24) Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;

25) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);

26) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

27) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;

28) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;

29) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;

30) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;

31) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

32) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

33) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

34) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

35) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;

36) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;

37) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды;

38) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

39) ұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

40) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

41) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;

42) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

43) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;

44) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

45) облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;

         46) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

 47) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;

 48) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;

 49) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

 50) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1 бабы 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;

51) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

а) тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;

б) әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша келіседі;

52) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;

53) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

54) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

55) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
          субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын,

тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;

56) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

57) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

58) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы және қоғамның өзара сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;

59) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;

60) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлейдi.

61) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

62) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізімін жасау және жүргізу;

63) республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;

64) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында деректер есебін жүргізу;

65) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;

66) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушылар бола алады;

67) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасады;

68) ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды дамыту;

69) ауыл шаруашылығы саласында ашық деректер интернет порталында Қарағанды облысы бойынша жиынтық ашық деректердің көкейтістілігін қамтамасыз ету және жариялау;

70) «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау;

71) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен анықталған басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

  16. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

1) өз функцияларын орындау үшін қажетті құжаттарды, ақпараттарды   белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан сұрау және алу;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді;

3) жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға, тауарларды жеткізуге  келісім-шарттар жасасады және белгіленген тәртіппен олардың орындалуына бақылау жасайды;

4) ауыл шаруашылығы саласында қызметтерді лицензиялауды жүзеге асырады;

5) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша аймақтық көрмелерін, жәрмеңкелерін өткізуді ұйымдастырады; 

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшылықты, «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі аппаратының басшысы мен бағыттаушы орынбасарының ұсынысы бойынша облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады.

19. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

  1) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және Басқарма бөлімдерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;

2) Басқарманың құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;

  1. өзінің орынбасарларының, құрылымдық бөлімдердің міндеттері
    мен өкілеттілігін анықтайды;
  2. басқарма жұмыскерлерін жұмысқа алу және жұмыстан шығару жайлы сұрақтарын шешеді, олардың міндеттерін бекітеді;
  3. заңмен белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
  4. қолданыстағы заңдарға сәйкес барлық ұйымдарда және органдарда  Басқарманың өкілі болып табылады;
  5. құжаттардың орындалу барысын ұйымдастырады және бақылау жасайды;
  6. өз міндетінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарының орындалуын қаматамасыз етеді және осы үшін жеке жауапкершілікті тартады;
  7. орынбасарларының, құрылымдық бөлімдер бастығының, Басқарманың басқа бағыттағы қызметіне жауапты мамандардың жауапкершілік деңгейін анықтайды;
  8. қолданыстағы зандарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

          21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

        

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

22. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған  жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

 

         23. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлкі коммуналдық меншiкке жатады.

         24. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

                        

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру мен тарату

 

      25. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Қарағанды облысы әкімдігінің

2018 жылғы «29» наурыздағы

№ 13/12 қаулысына

2 қосымша

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

 

 

  1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы»  № 11/09 қаулысы;
  2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 ақпандағы «Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі  «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы» № 11/09 қаулысына өзгерістертер енгізу туралы» № 03/03 қаулысы;
  3. Қарағанды облысы әкімдігінің  2010 жылғы 28 желтоқсанағы «Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы» № 11/09 қаулысына өзгерістертер енгізу туралы» № 39/23 қаулысы;
  4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012  жылғы 5 сәуірдегі «Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы» № 11/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 11/07 қаулысы;
  5. Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы «Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы» № 11/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 04/01 қаулысы;
  6. Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі «Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы» № 11/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 46/02 қаулысы;
  7. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы «Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы» № 11/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 06/03 қаулысы;
  8. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы «Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын бекіту туралы» № 11/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 17/04 қаулысы.
Дата cоздания: 13 Шілде 2018 15:48
Дата редактирования: 17 Шілде 2018 10:41
  • Государственные символы Республики Казахстан
  • Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность
  • Послание президента Республики Казахастан
  • Официальный сайт президента республики казахстан AKORDA.KZ