Өтініштерді қарастыру тәртібі

Басқармада азаматтардан келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» заңына сәйкес қарастырылады. Өтініштерді қабылдау, тіркеу, уақытында орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру жұмыстары және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Черникова Дина Александровна жүзеге асырады, телефон 30-10-26.

Басқарма басшылығымен азаматарды қабылдау ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында орталық және жергілікті атқару органдарында азаматтарды қабылдауды  ұйымдастыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңына және басқарма басшысының бұйрығымен бекітілген бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 

Қабылдау кестесі басқарма фойесінде ілінген, сонымен қатар фойеде азаматтар үшін таныстырылуға қол жетімді өтініштерді қабылдау жәшігі ілінген. Қабылдауға алдын-ала жазылу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілін қабылдауды ұйымдастыру туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес 56-58-40 телефоны бойынша статист маман Уменова Алия Жұмажанқызымен жүргізіледі. Жеке қабылдауға алдын-ала жазылу туралы ақпарат ай сайын облыстық БАҚ-да басылады.

Карточкаларды толтыру, қабылдау журналын жүргізу жолымен азаматтар қабылдауын есепке алуды ұйымдастыру жұмыстары және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Черникова Дина Александровна жүзеге асырады, телефон 30-10-26. Басқарманың ұйымдастыру жұмыстары және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен азаматтардың өтініштерінің уақытылы орындалуына бақылау жүргізіледі. Орындалу мерзімі сақталады.

 

 

Дата cоздания: 20 Шілде 2018 11:02
Дата редактирования: 20 Шілде 2018 11:13
  • Государственные символы Республики Казахстан
  • Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность
  • Послание президента Республики Казахастан
  • Официальный сайт президента республики казахстан AKORDA.KZ