Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығының
2018 жылғы қаңтар-маусым айларында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

       2018 жылдың жартыжылдығының қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 72,4 млрд. теңгені құрады, ауыл шаруашылығының нақты көлем индексы 2017 жылдың сәйкес мерзіміне 103,5% құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 1,2 млрд.теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 100 % құрады, мал шаруашылығы саласында – 71,1 млрд.теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 103,5 % құрады.
Қаңтар-маусым айларында 58,1 мың тонна ет өндірілді, ол 2017 жылдың сәйкес мерзіміне 101,8 % құрады, сүт өндірісі 2,6 % (233,0 мың тонна), жұмыртқа өндірісі 23,9 % арттырылды (345,9 млн.дана).
ІҚМ басы 4,6 пайызға өсіп, 689,7 мың басты құрады, оның ішінде сиыр басы 3,7 % өсті (278,0 мың бас), жылқы басы 5,9  пайызға өсті (354,9 мың бас), , құс басы 3,8 пайызға өсті (4053,7 мың бас),  қой және ешкі басы 4,7 пайызға төмендеген (1355,6 мың бас), шошқа басы 6,7 пайызға төмендеген (82,4 мың бас).
2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту бағдарламасының көрсеткіштерін орындау мақсатында аудандар мен қалаларға ауыл шаруашылығы жалпы өнімін өткен жылдың сәйкес кезеңіне 4% өсіммен және мал шаруашылығы өнімдерін ( ет-3,3%, сүт-3,4% - ға өсті. жұмыртқа-29,1% - ға) өндіру бойынша тапсырма берілді.
Қарағанды облысын 2016-2017 жылдары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану шараларының шеңберінде облыс бойынша 104 ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылды, оның ішінде 94 кооперативтің құрамында 20 және одан да көп адам бар. Барлығы 2537 жеке қосалқы шаруашылықтарда тарта отырып сүт бағытында 46 кооператив және ет бағытында 48 кооператив құрылды.
Ағымдағы жылы Ұлытау ауданында етті бағытта 1 кооператив құрылды.
47 АШК құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Құрал-жабдықтарды сатып алуға 122 млн.теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген.
Жалпы 5,2 мың адам кооперативке тартылған немесе үй шаруашылығының 7,2% (72,0мың үй шаруашылығы), сонымен қатар АТК мүшелері 2,5 мың адам.
6 айда 4 ауданның 10 кооперативтерімен  178 тонна ет ( (3750 тн. жоспардан 5%) өндірілді (Ақтоғай ауданы – 5 АШК, Бұқар Жырау – 1 АШК, Қарқаралы – 1 АШТ және Шет -3 АШК). 6 ауданның 16 кооперативтерімен 974 тонна сүт дайындалды (42600 тн.жоспардан 2%)(Абай ауданы – 2 АШК, Бұқар Жырау – 1 АШК, Жаңаарқа – 2 АШК, Қарқаралы – 1 АШК, Нұра – 6 АШК және Шет – 4 АШК).
Іірі шаруашылықтар мен кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын ұлғайту, тауарлық шаруашылықтарда асыл тұқымды мал басын көбейту, экономикалық жағынан тұрақты агроқұрылымдар құру мақсатында жаңадан құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін  осы ірі құрылымдарға жүктеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын «Нәтиже» ЖШС-нің базасында табысты жұмыс жасап отырған, құрамында 137 отбасы бар Абай ауданындағы «Арқа сүті» АШК-нің мысалында.
Сонымен қатар етті бағыттағы АШК ірі мал бордақылау алаңдарына жүктеу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр (10 000 бас «Жәке» ШҚ, «Сарыарқа» АӨХ 3000 бас).
Ағымдағы жылы дәнді дақылдар  827,7 мың га, алқапқа егілді, оның ішінде 631,5 мың га-бидай, арпа - 179,5 мың га, сұлы-16,7 мың га, майлы дақылдар -16,9 мың га, ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоп 9187 га , көкөніс 1439,3 га, көпжылдық шөптер -32,6 мың га, біржылдық шөптер -19,4 мың га.
Тамшылатып суғару алқабы  1069,5 га. құрады, бұл өткен жылғы деңгейде.
Ағымдағы жылы жалпы пайдаланылатын суармалы жер алқабы 21,6 мың га. құрайды.
«Гидромелиорациялық жүйелерді қайта жаңарту және жаңғырту» бағдарламасы бойынша жұмыс басталды, 27,9 мың га суармалы жер қалпына келтірілетін болады.
Бүгінгі күні бұл жобаға аудандық әкімдіктермен енгізілген 49 шаруашылықтан 16 шаруашылық  Қазсушар "ШЖҚ РМК" ҚР АШМ СРК) балансына республикалық меншікке берілді. 10 шаруашылық ауданның коммуналдық меншігінде, 23 шаруашылықта жер-кадастрлық жұмыстары жүргізіледі.
Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету, АӨК цифравизациялауды және нақты егін шаруашылығы жүйесін енгізу мақсатында АШМ-нің сайтында алқаптардың электрондық картасы қалыптастырылуда.
1550 шаруашылықтың 1233,1 мың гектар алқапқа электрондық карта енгізілді, немесе 100,8%.
1 жартыжылдықта 313 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатылып алынған, ол 2017 жыл деңгейінен 43 бірлікке артық, 15,9%.
644,1 мың тонна шөп дайындалды немесе 35,8% - ға (жоспар-1 800,0 мың тн). Оның ішінде 290,1 мың тоннасы шығарылды (45,0%).
Ауыл шаруашылығы дақылдарының арамшөбіне қарсы химиялық өңдеу 277,9 мың гектар алқапта жүргізілді, оның ішінде 274,2 мың гектар дәнді дақылдар, 2597 гектар картоп және 373 гектар көкөніс. Химиялық өңдеу негізінен астық егетін аудандарда жүргізіледі.
Сондай-ақ, жаздық егістікті өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2018 жылға өңдеу жоспары 201,8 мың гектар 1-ші өңдеу 100% алқапта жүргізілді, 2-ші өңдеу – 74,5 мың гектары немесе 37%.
Аудан әкімдіктерінің деректері бойынша егілген 927,7 мың гектар дәнді дақылдар алқаптарының 609,1 мың гектарының (73,6%) жақсы, 192,7 мың гектар (23,3%) орташа, 25,9 мың гектар (3,1%) нашар жағдайда.
Ылғалсақтау технологиясын пайдалану алқабы биылғы жылы 639,6 мың гектар алқапты құрайды, ол өткен жылдан 39,6 мың га.артық.
Облыста тағам өнеркәсібінің нақты көлем индексі қаңтар-маусым айларына 107,6% (2017 жылы – 99,7%), өнім өндірісінің көлемі – 54,3 млрд.теңгені құрады, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,8 млрд.теңгеге артық (50,5 млрд.теңге).
2018 жылдың қаңтар-маусым айларына АӨК саласын мемлкеттік қолдау 4202,6 млн.теңгені құрап отыр, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы саласы бойынша – 316,2 млн.теңге мал шаруашылығы саласында – 1665 млн.теңге, (инвестициялық субсидиялау, қайта өңдеу) – 2221,4 млн.теңге.
2018 жылдың 6 айының ішінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 4340,7 млн. теңге бағытталған, оның ішінде 3502,7 млн. теңге меншікті қаражаты жолданды,  227,3 млн. теңге банктердің несиелері және 610,7 млн. теңге, басқа да қарыз қаражаттары.
Азық-түлік өнімдерін өндіруге бағытталған инвестиция 1820,6 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 2,2 есе артық, оның ішінде 394,9 млн. теңге меншікті қаражатынан жолданды, 573,5 млн. теңге банктердің несиелері және 852,1 млн. теңге басқа да қарыз қаражаттары.
Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша қалалық және аудандық әкімдіктердің деректері бойынша 366 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, онда нарық бағасынан төмен 2,2 млрд.теңгеге өнім сатылды.    
АӨК саласында 2018 жылдан 2020 жылға дейін мерзімде қолданысқа енгізілетін жалпы құны 31,5 млрд.теңгені құрайтын 798 жұмыс орны ашумен 40 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде  8,1 млрд.теңгеге 27 жоба (407 жұмыс орны) қолданысқа ағымдағы жылы енгізіледі.      

Дата cоздания: 17 Тамыз 2018 11:47
Дата редактирования: 17 Тамыз 2018 11:48
  • Государственные символы Республики Казахстан
  • Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность
  • Послание президента Республики Казахастан
  • Официальный сайт президента республики казахстан AKORDA.KZ