Басшылық

Апақашов Сағынжан Апақашұлы

Апақашов Сағынжан Апақашұлы Қарқаралы ауданының Арқалық селосында 1957 жылдың 16 сәуірінде туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1980 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтады, 1991 жылы «Әлеуметтік-саясаттық қатынастар теориясы» мамандығы бойынша Нижегородтық әлеуметтік-саясаттық институтын аяқтады, 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «агрономия» мамандығы бойынша бітірді.

С.А.Апақашов Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін1980 жылдың тамыз айынан 1981 жылғы қазан айына дейін Егіндібұлақ ауданының «Қаратау» совхозында еңбек және еңбек ақы бойынша экономист болып жұмыс атқарды.

1981 жылдан 1987 жылға дейін Егіндібұлақ ауданының «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозының бас экономисі болып жұмыс атқарды.

1987 ж.1989 жылға дейін Егіндібұлақ ауданының «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозында парткомның хатшысы жұмысын атқарды.

1991 жылдан 1992 жылға дейін Егіндібұлақ ауданының Советтік аудандық атқарушы комитетінің экономика бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарды.

1992 жылдан 1999 жылға дейін – Егіндібұлақ аудандық әкімдігінің экономика бөлімінің бастығы, Қаражал совхозының директоры қызметтерін атқарды.

1999 жылдан 2000 жылға дейін – Қарқаралы ауданының аумақтық басқармасының бастығы, Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

2000 жылдан 2005 жылға дейін – Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2005 жылдан 2006 жылға дейін Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі.

2006 жылдан 2007 жылға дейін – Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.

2007 жылдан 2010 жылға дейін – Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары.

2011 жылдың 5 қаңтарынан 2018 жылдың 31 мамырына дейін «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының экономика және қаржы бойынша орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың 31 мамырынан бастап «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ   басшысы.

Үйленген, төрт баласы бар.

 

Санаубаров Асқар Дәукенұлы
1977 жылы 17 қаңтарда Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі жоғары, 2000 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және С. Сейфуллин Қазақ агротехникалық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Бұқар жырау аудандық бюджет Банкі Ботақара кентінің операторы болып бастады.
01.02.2001 - 01.04.2002 жылдары-Бұқар жырау аудандық қазынашылық бөлімінің жетекші қазынашысы, Ботақара кенті.
01.04.2002 - 05.01.2005 жылдары-Бұқар жырау аудандық қазынашылық бөлімінің бас қазынашысы, Ботақара кенті.
05.01.2005-01.02.2008 жылдары-Бұқар жырау аудандық қазынашылық бөлімінің бас маманы, Ботақара кенті .
01.02.2008 - 16.02.2009 жылдары-"Бұқар Жырау ауданының қаржы бөлімі" ММ қаржыландыру және есепке алу секторының меңгерушісі, Ботақара кенті.
16.02.2009 - 06.01.2011 жылдары-"Бұқар Жырау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ бастығы, Ботақара кенті.
06.01.2011-16.02.2015 жылдары - "Абай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ басшысы, Абай қаласы.
16.02.2015-04.05.2019 жылдары - "Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы, Абай қ.
06.05.2019 жыл-қазіргі уақытқа дейін - "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

 

 

Бошпанов Сырым Бейсебайұлы

1963 жылы 25 қыркүйегінде Қарқаралы ауданының Карбышевка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі жоғары, 1985 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын «Ветеринария»  мамандағы бойынша аяқтаған; 2003 жылы Москва заманауи гуманитарлық академиясының заңгерлік мамандығы бойынша аяқтаған .

Еңбек жолын 1985 жылы «Карқаралы» совхозының «Жаңа жол» №2 бөлімшесінің мал дәрігері болып бастаған.

1985-1987 жылдары КӘ қатарында әскери міндетін атқарды.

1987 жылдан 1993 жылға дейін «Карқаралы» совхозының аға мал дәрігері болып қызмет істеді.

1993 жылдан 1997 жылға дейін «Карқаралы» совхозының «Жаңа жол» №2 бөлімшесінің басқарушысы болды.

1997 жылдан 2001 жылға дейін «Қаршалы» ауылдық округі әкімінің қызметін атқарды.

2001-2002 жылдары Қарағанды облысының қаржы басқармасында жетекші маман, бөлім басшысы болып қызметін істеді.

2002 жылдан 2010 жылға дейін «ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Абай аудандық территориалдық инспекциясы» ММ - ветеринария бөлімінің бастығы, бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы болды.

2010 жылдан 2014 жылға дейін «Қарағанды облысының ауыл шаруашылық басқармасы» ММ -  ветеринария бөлімінің басшысы болды. 

2014 жылдың 10 қарашасынан  2015 жылдың 10 наурызына «Қарағанды облысының ауыл шаруашылық басқармасы» ММ – басқарма басшысының өндіріс және ветеринария бойынша орынбасары.

2015 жылдың 10 наурызынан бастап «Қарағанды облысының ауыл шаруашылық басқармасы» ММ – басқарма басшысының өндіріс бойынша орынбасары.

Үйленген, үш баласы бар.

 

Дата cоздания: 13 Шілде 2018 15:46
Дата редактирования: 20 Мамыр 2019 08:49
  • Государственные символы Республики Казахстан
  • Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность
  • Послание президента Республики Казахастан
  • Официальный сайт президента республики казахстан AKORDA.KZ