Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығы.

 

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

       1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

       2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгіленген мерзімде және тәртіппен Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

       5. "Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 189-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Н.Назарбаев

 

 

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 420 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

 Қазақстан Республикасының
Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 Астана қ., 2017 жыл

 1. Паспорт

Атауы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы

Жауапты орындаушы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Іске асыруға жауаптылар

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Басты мақсаты

Нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - АӨК) өнімін өндіруді қамтамасыз ету

Міндеттер

1) ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту;
2) ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту;
3) мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану;
4) су ресурстарын тиімді пайдалану;
5) жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау;
6) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникамен және химияландыру құралдарымен қамтамасыз етілуін арттыру;
7) сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
8) ғылыми-технологиялық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету

Іске асыру мерзімі

2017 - 2021 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2021 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу:
1) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің 2015 жылдың деңгейіне қарағанда нақты мәнде 38%-ға өсуі;
2) ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін кызметтерінің) 2015 жылдың деңгейіне қарағанда нақты мәнде 30%-ға өсуі;
3) азық-түлік тауарлары экспорты көлемінің 600 млн. АҚШ долларына өсуі;
4) азық-түлік тауарлары импорты көлемінің 400 млн. АҚШ долларына төмендеуі;
5) азық-түлік тауарлары көтерме саудасының 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 29%-ға өсуі;
6) суармалы алаңның 1 гектарына арналған суаратын су шығысының 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 20%-ға төмендеуі (2015 жылғы 9180 м3- ден 7348 м3-ге дейін төмендеуі);
7) қосымша жерүсті су ресурстарының 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 1,9 км3-ге ұлғаюы;
8) өнеркәсіптегі қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі:
- қайталама 2015 жылғы 0,69 км3-ден 0,77 км3-ге дейін;
- айналымды 2015 жылғы 7,3 км3-ден 7,62 км3-ге дейін.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны 2017 - 2021 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 2 374,2 млрд теңгені (РБ - 1 216 млрд теңге*, ЖБ - 904 млрд теңге*, басқа көздер - 306,2 млрд теңге) құрайды, оның ішінде:
2017 жылы:
барлығы - 359,7 млрд теңге;
РБ - 198,2 млрд теңге;
ЖБ - 144,5 млрд теңге;
басқа көздер - 17,0 млрд теңге;
2018 жылы:
барлығы - 397,9 млрд теңге;
РБ - 202,0 млрд теңге;
ЖБ – 151,0 млрд теңге;
басқа көздер - 44,9 млрд теңге;
2019 жылы:
барлығы - 429,4 млрд теңге;
РБ - 207,9 млрд теңге;
ЖБ – 158,4 млрд теңге;
басқа көздер - 63,1 млрд теңге;
2020 жылы:
барлығы - 558,8 млрд теңге;
РБ - 281,6 млрд теңге;
ЖБ - 193,6 млрд теңге;
басқа көздер - 83,6 млрд теңге;
2021 жылы:
барлығы - 628,4 млрд теңге;
РБ - 326,3 млрд теңге;
ЖБ - 204,5 млрд теңге;
басқа көздер - 97,6 млрд теңге;

       * - сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады

Дата cоздания: 17 Тамыз 2018 11:54
Дата редактирования: 17 Тамыз 2018 12:02
  • Государственные символы Республики Казахстан
  • Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность
  • Послание президента Республики Казахастан
  • Официальный сайт президента республики казахстан AKORDA.KZ